Астаналық қонақ
31.10.2024
Қазанның 30-да Екібастұз қаласына, соның ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС-не жұмыс сапарымен ҚР премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржикпаев келді. ЦТТ көру алаңында құрметті қонақты бас директор Николай Корсаков қарсы алып, Компания тынысымен таныстырды. Соның барысында жаңа технология жөнінде айтып берді.
-Циклдік-толассыз технологияны енгізудегі басты мақсат 50 жылдан астам қолданыста болып, ресурстары таусылған роторлы экскаваторларды ауыстыру болатын. Бұдан басқа жаңа технология вагондарға көмір арту уақытын қысқартады. Бұрын жүк вагондарына көмір артып, бір темір жол құрамын құрастыруға 16 сағат уақыт жұмсалса, қазір тек 5 сағат кетеді-дегенді айтты Компания бас директоры.
Ермек Боранбайұлын сонымен бірге кеніштердегі көмір қоры, тұрақты тұтынушылар туралы мәліметтер қызықтырды. Бұған Николай Николаевич «Богатырь» және «Солтүстік» кеніштеріндегі көмір қоры 2 млрд тоннаны құрайтынын, ал тұрақты тұтынушылар қатарында қазақстандық және ресейлік компаниялар бар деп жауап берді.
Үкімет басшысының кеңесшісі 6700 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған Компанияға даму мен табыс тіледі. Кездесу естелік фотосуретке түсумен аяқталды.