16 сурет

30.10.2024

Жас суретшілер көрмесі Компанияның бас кеңсесінің бірінші қабатында өткізілді. Онда Серіктестік қызметкерлерінің көпбалалы отбасыларының балалары өздерінің шығармашылық идеяларымен бөлісті.

Бұл балалардан көркемсурет мектебінде оқығандары үшін алынатын ақыны төлеуді Корпоративтік қор өз мойнына алған. Көрмеде әр түрлі тақырыптағы, әр түрлі техникадағы 16 жұмыс қойылды. Суреттерде қазақтың тұрмыс заттары бар ерекше натюрморттар, күзгі ормандар мен қала көшелерінің әдемі пейзаждары, ұлттық киімдегі адамдар, жануарлар, сүйкімді және күлкілі кейіпкерлер бейнеленген. Әр жұмыс өзінше ерекше және әдемі.Көрме өткен аптаның жұмасында аяқталды. Балаларға көрмеге қатысқаны және әлемді жас таланттардың көзімен көру мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз. Сіздерге оқуда сәттілік және жаңа шығармашылық идеялар тілейміз.


Жаңалықтар тізіміне оралу