31 жыл Богатырьде
23.10.2024
«Кеншілер қаласы» жобасының кейіпкері Бекболат Нұрғалиев «Богатырь Көмір» ЖШС-дегі еңбек жолын темір жол жөндеушісі болып бастаған екен.
10 жылдан соң оқу-курстық комбинатына барып экскаватор машинисті көмекшісі мамандығын меңгеріп, оқып алған. Ал 2008 жылдан бері «Богатырь» кеніші Аршу кешенінің №1 аршу және үйінді жұмыстары учаскесінде экскаватор машинисті көмекшісі ретінде еңбек етуде. Кәсіпорындағы еңбек өтілі 31 жылды құраған Бекболат Нұрғалиев «Богатырь Көмір» сияқты үлкен компанияда еңбек ету абырой мен мәртебе деп есептейді.