Ең бастысы өндірістік қауіпсіздік

22.10.2024

Компаниядағы жаңа жұмыс аптасы бас директор Николай Корсаковтың  төрағалығымен өткен өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңестен басталды. Кездесуде биылғы жылдың 9 айының қорытындысы шығарылды.

Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Тулеген Максилов  технологиялық жолдардың сапасын жақсарту, қызметкерлер үшін автобус аялдамалары мен  қосымша бейнебақылау камераларын орнату, құрылымдық бөлімше басшыларының жауапкершілігін қатаңдату қажеттілігі туралы мәлімдеді. Аталмыш шаралардың басты себептерінің бірі - соңғы тоқсанда кәсіпорында болған екі жазатайым оқиға.

Техникалық директор-серіктестіктің бас инженері Сергей Усик технологиялық жолдарды күтіп ұстау жұмыстары және апаттардың алдын алу шаралары туралы хабардар етіп, бұл жұмыстар бақылауда екенін атап өтті.

Кеңеске қатысушылар желіге шықпас бұрын мердігер ұйымдардың автобустарын тексеру әдістерін, техникалық байқаулардың тиімділігін арттыру, қауіпсіздік белдіктерімен қамтамасыз ету шараларын жеделдету және жолдардың жай-күйін бақылау мәселелерін талқылады.

Компанияның бас директоры Николай Корсаков қызметкерлерге автобус аялдамаларын жасау бойынша жеке бағдарлама дайындауды және өндірістік қауіпсіздік мәселелерін күшейту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.  Ол қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын сақтау әркімнің міндеті екенін атап өтіп, бақылауды күшейтуге шақырды.


Жаңалықтар тізіміне оралу