Ой жарысы
20.10.2024
Республика күні мерекесіне орай «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері арасында дойбы мен шахматтан жарыс өтті. Зияткерлік ойындар турнирі кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен қызығушылық танытқан әрбір қатысушыға өздерінің стратегиялық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.
Қатысушылар арасында тәжірибелі ойыншылар да, бағын сынап алғаш қатысқандар да болды. Шахматтағы тартысты жекпе-жектердің нәтижесінде чемпион атанған Жұмабеков Манас тамаша техникасы мен стратегиялық шеберлігін көрсетті. Екінші орынды Сүйіндік Бөлекбаев пен Руслан Ескабулов, үшінші орынды Даурен Уныйбаев алды.
Дойбыдан ерлер арасында бірінші орынды жеңіске жету жолында қарсыластарынан басым түскен Әлібек Қазақбаев иеленді. Екінші орын Еркебұлан Абельдиновке, үшінші орын Азамат Кабнасыровқа берілді.Әйелдер арасында дойбыдан бірінші орынды Инесса Суханова жеңіп алды, Манар Ерботина екінші орынға ие болды, үшінші орынға Дарья Куценко қанағаттанды. Барлық қатысушыларды тамаша жетістіктерімен және келе жатқан Республика күнімен құттықтаймыз!