Кеншілер құзға өрмеледі
19.10.2024
«Богатырь Көмір» ЖШС-де Республика күніне арналған спорттық жарыстар бастау алды. Соның бірі құзға өрмелеу жарысы. Ол «Қайнар» ББК-дегі жасанды бедерде ұйымдастырылды.
Бас төреші міндетін осы күні туризм және альпинизм бойынша Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген нұсқаушы, ұлттық дәрежедегі төреші Людмила Шепелова атқарды. Ол компаниямыздың Жөндеу жөніндегі дирекциясының бас маманы, сонымен бірге негізгі жұмыстан бос уақытында «Қайнар» кешенінде құзға өрмелеуден бапкер қызметін атқарып, 22 жылдан бері шәкірт дайындап келеді.
Құзға өрмелеу алаңында өткен жарысқа келетін болсақ оған 30 жасқа дейінгі және 30 жастан үлкен жастағы қатысушылар қатысты. 3 бөлімнен тұратын жарыстың алғашқысында уақыт жылдамдығы ескерілді. Онда құзға өрмелеушілер үш жолаққа бірінен соң бірі шығып, кім аз уақыттың ішінде 7 метрлік биіктікті бағындыратынын анықтады. Екінші бөлімде беске бөлінген жолаққа шығу керек болды. Оның әр бөлігіне 5 баллдан берілді. Ал соңғысында екі қатысушы қатар тұрып жарысқа түсіп, қайсысы жылдам құзға өрмелейтінін анықтасты.
Қатысушылар бұл күні ептіліктерін, мүқияттылықтарын, білек күштерінің мықтылығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жалғыз нәзік жанды әріптесіміз Айгерім Жүнісова қатысқаны үшін марапатталды. Ал 30 жасқа дейнгілер арасында Мақсат Кунафин жеңімпаз атанса, Дархан Талғатұлы мен Амангелді Смағұлов екінші мен үшінші орындарға жайғасты. 30 жастан үлкендердің арасында Евгений Григорьев бірінші орын алды. Марат Солтаналиев пен Владимир Павловский кейінгі екі орынды бөлісті.