Экологиялық баспасөз-туры
17.10.2024
Бүгін, 17 қазанда, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (МАЖ) орнатқан Екібастұз кәсіпорындары бойынша облыстық бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз-туры ұйымдастырылды. Сапар аясында мемлекеттік экологиялық инспектор бастаған «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінің және «Pavlodarnews» ақпараттық агенттігінің өкілдері «Богатырь Көмір» ЖШС су тазарту ғимараттарында болды.
Қонақтарға кәсіпорын нысандарына барған кездегі қауіпсіздік шараларын ұстану туралы айтқан, энергиямен жабдықтау дирекциясы бас инженерінің орынбасары Вячеслав Кива оларды Ақбидайық көлінің маңындағы су тазарту қондырғыларына бастап апарды.
Компанияда МАЖ 2024 жылдың шілдесінен бастап штаттық режимде жұмыс істейді. Ол температура, ағын жылдамдығы, рН деңгейін, электр өткізгіштік пен судың лайлығы сияқты маңызды көрсеткіштерді анықтап тіркейді.
Деректер онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің Ұлттық деректер банкіне беріледі, бұл өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі өзекті талаптарға сәйкес келеді.
- Жабдық өлшеу құрылғыларының көрсеткіштерін бір жүйеге біріктіреді және ағызылатын судың сапасын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Дәл осындай мониторинг жүйесі дренаждық суларды ағызу қондырғысына орнатылған, - деп түсіндірді «Богатырь Көмір» ЖШС энергиямен жабдықтау дирекциясының бас инженері Валерий Гончаров.
Эмиссияларды бақылау-бұл аймақтың экожүйесін сақтау үшін маңызды болып табылатын кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған қадам.