Жаңа мамандық-жаңа мүмкіндіктер

16.10.2024

«Кеншілер қаласының» кезекті кейіпкері Абзал Биканов көмір өндіру саласында 36 жыл еңбек етіп келеді. Соңғы алты жылда «Богатырь Көмір» ЖШС-де еңбек етуде.

Бүгінде ол жаңа өндіріс ошағы циклдік-толассыз технология кешенінің жүк тиеу пунктінің машинисті. Жаңа мамандық болғасын, алдымен оқу курстарын тәмәмдады, өндірістік тәжірибиеден өткесін емтиханды да еш сүрінбестен тапсырды. Абзал Қаратайұлының басты жұмыс орны компьютерлендірілген. Сондықтан жұмыс үрдісі түгел көз алдындағы шағын мониторда. Болып қалған ақау бірден анықталады. Заманмен бірге дамып, жаңа технологияны меңгерген білікті мамандар компания мақтанышы.


Жаңалықтар тізіміне оралу