Көшбасшыларға арналған курс
11.10.2024
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің Оқу-курстық комбинатында «Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі көшбасшылар клубы» қатысушыларына арналып «Көшбасшылар біздің арамызда» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Көшбасшылар семинар барысында жарақаттанудың түпкілікті себептері, өндірістік қауіпсіздіктегі мәдениеттіліктің рөлі, өндірістік тәуекелдерді бағалау, еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы көшбасшылардың жеке дағдылары мен қасиеттері және тағы басқа мәселелер бойынша білім алды. Сонымен бірге қатысушылар өндірістік тәуекелдерді анықтау, жұмысшыларды қауіпсіз еңбек етуге ынталандыру тәсілдерімен танысты. Бұдан басқа Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау қызметкерлері үшін «Көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті бағдарламасы бойынша ішкі нұсқаушыларды оқыту» оқу-практикалық семинары өткізілді. Бұл ішкі нұсқаушылар осы семинардан алған білімдерін кейін әріптестеріне жеткізу керек. Сондықтан сабақ барысында түрлі жағдайларды талқылап, жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдарын тыңғылықты оқып білді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек қауіпсіздігі жөніндегі курстарды оқып шықты деген сертификаттарға ие болды.