Біздің жоба халықаралық кинофестивальдің дипломанты атанды
11.10.2024
Біздің компанияның «Все дело в угле» бейнежобасы MineMovie-2024 деп аталынған алтыншы кинофестивальдің дипломанты атанды. Оның қатысушылары тау-кен -геологиялық және металлургия саласы және осы салада еңбек ететін адамдар туралы қысқа метражды деректі фильмдерін ұсынды.
Фестиваль 2024 жылдың шілдесі мен қазан айы аралығында өткен «Майнекс Ресей» форумы аясында ұйымдастырылды. Фильм авторы, «Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз-қызметінің бейнеоператоры Геннадий Дробец «Компания туралы үздік фильм» номинациясында «Тарихи хрониканы қолданғаны және сақтағаны үшін» дипломымен марапатталды. «Все дело в угле» жобасы Екібастұз кен орнының игерілгенінің 70 жылдығына және тарихына арналған.
Әріптесіміз Геннадий Дробецті бұл жетістігімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілеп, жаңа жобалар күтеміз!