Ең бастысы қауіпсіз еңбек

08.10.2024

«Богатырь Көмір» ЖШС аумағында жұмыс істеп жатқан мердігер ұйымдардың өндірістік қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау. Міне, осы тақырыпта Серіктестіктің бас директоры Николай Корсаков мердігер ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді.

Ол өндірістік қауіпсіздік туралы айтқан кезде, бұл бағыттағы жұмыс мінсіздіктен әлі де алыс екенін атап өтті.  Осы тақырыпта баяндама жасаған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Төлеген Максилов 14 мердігер ұйымның 12-де тексерістер жүргізілгенін,соның барысында 86 бұзушылық анықталғанын айтты. Өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы үйреншікті нәрсеге айналған сияқты мердігер ұйымдарда. Одан басқа қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі нұсқамаларынан өтпеу де жиі кездесетін бұзушылықтар қатарында.Жиынға қатысқан мердігер ұйымдардың басшылары анықталған бұзушылықтардың көзі жойылып жатқандығын және олардыы алдағы уақытта болдырмау мақсатында шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

–Ең бастысы жұмыскерлердің қауіпсіздігі. Сондықтан құрылымдық бөлімшелер мен мердігер ұйымдардың басшылары бұл мәселе бойынша бақылауды күшейту қажет. Бұлар жұмысты ұйымдастыруға қатысты сұрақтар. Сондықтан қауіпсіз режимде жұмыс істеуді қамтамасыз етуді өтінемін-дегенді айтты Компания басшысы Николай Корсаков.


Жаңалықтар тізіміне оралу