Жаңа мүмкіндіктер

07.10.2024

«Богатырь» кеніші №1 өндіру жұмыстары учаскесінің Циклдік-толассыз технология тиеу пунктінің машинисті Евгения Скляров «Кеншілер қаласы» жобасының кезекті кейіпкері.  2012 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС-не жұмысқа тұрған ол, бастапқы кезде электр слесары шәкірті болып жұмыс бастаған.

Аздаған уақыттан соң жеке өзі электр слесары мамандығы бойынша жұмыс істей бастады. Одан соң экскавтор машинисі мамандығын меңгеріп алды. Бірақ, онда да көп тұрақтамады.

-Кейін, маған циклдік-технологиялар технологиясында жұмыс істеу туралы ұсыныс жасады. Оған мен көп ойланбастан, келістім. Өйткені бұл жаңа технология, жаңа білімдер, жаңа таныстар. Жұмыс істеп жатқан бригадамыздағы адамдар жақсы. Маған ұнайды-дейді Скляров, өзінің жұмысы туралы.

Орнатылған бейнекамералар тиеу пунктінде атқарылып жатқан жұмысты түгел бақылауға алады, компьютер тиеу жұмыстарының ақаусыз өтуін, тиелетін көмірдің салмағын дәл анықтайды. Евгений Скляров жаңа технологиялардың көмегімен барлық жұмыс үрдісін, жоспарланған істің уақытында атқарылуын қадағалайды.


Жаңалықтар тізіміне оралу