Алаяқтардан сақ болыңыздар

05.10.2024

Құрметті «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері!

Соңғы бірнеше күнде танымал мессенджерлерде алаяқтық жағдайлары тіркелді.

Зиянкестер компанияның немесе мемлекеттік мекеменің басшысы/қызметкері атынан фотосуретімен аккаунт жасайды және кәсіпорынның басқа қызметкерлеріне хабарламалар жібереді. Хабарламалардың мақсаты ақшалай көмек сұраудан қорқыту мен бопсалауға дейін әр түрлі болуы мүмкін.

Бұл жағдайда пайдаланушыны бұғаттау, басшының абоненттік нөмірін тексеру, оған шынайы абоненттік нөмір бойынша хабарласу және осы дерек туралы хабарлау қажет.

Сіздерді сергек болуға, барлық ақпаратты тексеруге және күдікті пайдаланушыларға құпия ақпаратты бермеуге шақырамыз.



Жаңалықтар тізіміне оралу