Қауіпсіздік туралы ашық диалог
04.10.2024
Бүгін, 4 қазанда «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Николай Корсаков өндірістік қауіпсіздік бойынша «Көшбасшылар клубы» мүшелерімен кезекті кездесуін өткізді.
Кеңес басында өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Төлеген Максилов қатысушыларды «Көшбасшылар клубы» мүшелерінің атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы хабардар етті. Ол автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі сәйкессіздіктерді тіркеу бөлігінде белсенділіктерін байқатқандарды атап өтті, бас директордың тапсырмасы бойынша көтермелеулер, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша ең басты көтермелеу болатыны туралы еске салды.
Николай Корсаков жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын, жұмыс орындарындағы қызметкерлердің мінез-құлық мәдениетіне көзқарасты өзгерту қажеттілігін, әріптестерінің бұзушылықтарына көшбасшылардың әрекет ету керектігін, қауіпсіз жұмыс әдістерін ұсынуды және қажет болған жағдайда жұмысты тоқтату керек екенін атап өтті.
«Көшбасшылар клубының» мүшелері ауыз судың сапасына, жұмыс киімдерінің, жабдықтардың, өндірісте қолданылатын құралдардың жай-күйіне қатысты бірқатар мәселелерді белгілеп, өз ұсыныстарын енгізді.
Компания басшысы көшбасшылар айтқан ескертулердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, оларды жеке бақылауға алып, Клуб жұмысын одан әрі жандандыруға үмітін білдірді. Келесі кездесу қараша айының соңына жоспарланды.