Жеті елдің БелАЗшылар жарысы
02.10.2024
Көмір кеніштерінде жұмыс істейтін ауыр жүк көліктері өндірушілерінің бірі «БЕЛАЗ» ААҚ қыркүйектің соңында Беларусь Республикасының Жодино қаласындағы зауытында «БЕЛАЗ операторлар клубы 2024» ІІІ халықаралық чемпионатын өткізді. Оған Ресей, Беларусь, Иран, Өзбекстан, Армения, Қазақстаннан барған 40-тан астам «БЕЛАЗ» жүргізушілері қатысты.
Олардың арасында Технологиялық көлік басқармасы тау-кен-техникасы жабдықтары учаскесінің жүргізушісі Бауыржан Қожанов та болды. Карьерлік автотүсіргіштердің операторлары алдымен теориялық сұрақтар бойынша тестілеуден өткен екен, сосын барып практикалық бөлімде берілген жаттығуларды жылдам әрі дәл орындауға тырысқан. Соның барысында қатысушылар техникамен жұмыс істеу тәжірибелерін, кәсіби шеберліктерін көрсеткен. «Богатырь Көмір» компаниясы өкілдері бұндай халықаралық чемпионатқа алғаш рет қатысты. Олар үшін бұл мамандығы бойынша дамуға мүмкіндік беретін үлкен тәжірибе болғаны сөзсіз. Бұдан басқа басқа елдердің тау-кен саласындағы әріптестерімен танысып жаңа байланыстар орнатып, бұл сапардан үлкен әсермен оралды.