43 жыл бір жерде

01.10.2024

Екібастұз көмір кен орны игерілуінің 70 жылдығына  арналған жаңа айдарымыз «Бұл бізбен сіздің ғұмырнамамыз» деп аталынады. Екібастұз көмір өнеркәсібінің қалыптасуы, көміршілердің ерен еңбектері туралы еңбек ардагерлерінің өз аузынан еститін боласыздар. Осыдан 70 жыл бұрын дүниеге келіп, бар өмірін көмір өндірісіне арнаған құрметті кеншілерімізбен сұхбаттар сіздердің назарларыңызға ұсынылады.

Алғашқы кейіпкеріміз Қасымжан Темірханұлы Мыңбаев 1954 жылы көмірлі Екібастұзда дүниеге келді. Әскери қызметін өтеп келгесін 1975 жылы еш ойланбастан Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасына жұмысқа тұрған. Тартушы агрегат машинисі көмекшісі мамандығы бойынша оқу курсын аяқтағасын 43 жылға созылған еңбек жолы басталды.

-Жолым болып Александр Семеновтың жанында машинист көмекшісі болып жұмысымды бастадым.  Ол кісі көп нәрсені үйретті, сол кісіні үлгі тұттым. Соның берген тәбиесінің арқасында тартушы агрегатта бригадир, аға машинист болып еңбек еттім, өзім де көптеген жас маманды тәрбиеледім-дегенді айтты Қасымжан Темірханұлы.

Қырық жылдан астам бір жерде еңбек еткен Қасымжан Мыңбаев  ерен еңбегі үшін Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері атағына ие болды, «Шахтер даңқы» белгісінің толық иегері атанды, «Құрмет» орденімен марапатталды.   



Жаңалықтар тізіміне оралу