Ерекше мереке

01.10.2024

Бүгін Қазақстанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Осыған байланысты «Богатырь Көмір» комапниясында еңбек еткен, бүгінде корпоративтік қорда есепте тұрған  2 224 ардагердің карточкалық шоттарына материалдық көмек жіберілді.

Құрметті біздің ардагерлер! Осы ерекше күн- Қарттар күні мерекесінде, біз сіздерге шексіз ризашылығымыз бен құрметімізді білдіреміз. Сіздер біздің компанияның негізін қаладыңыздар, оның дәстүрлері мен тәжірибесін сақтаушысыздар, қажымас еңбек пен адалдықтың үлгісісіздер. Сіздердің білімдеріңіз, күш-жігерлеріңіз және адалдықтарыңыз біздің көмір өндіру саласын құруға және дамытуға көмектесті, оны күшті және тұрақты етті. Біз сіздердің әрқайсыларыңызды мақтан тұтамыз және ортақ іске қосқан үлестеріңіз үшін ризамыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және рухани жылулық тілейміз! Әр күндеріңіз жақындарыңыздың қамқорлығына, қуаныш пен тыныштыққа толы болсын!  Еңбектеріңіз бен даналықтарыңыз үшін рахмет!



Жаңалықтар тізіміне оралу