Аудармашылар мерекесі

30.09.2024

Анаргүл Дүйсекеева, Әйгерім Жалбирова, Гүлнарима Садыкова орыс тілінен мемлекеттік тілге, мемлекеттік тілден орыс тіліне мәтіндерді аударады. Олардың компаниядағы еңбек өтілдері сәйкесінше 8, 9, 10 жылды құрайды.  Ал енді 27 жылдық еңбек өтілі бар Татьяна Шевченко ағылшын тілінен орыс тіліне аудару жұмысын жүргізеді.
-Күрделілігіне байланысты бір аудармашы күніне 10-20 мәтін аударады, 50-100 бет мәтін аударатын күндер де болып жатады.  Көп жылғы аударма тәжірибемізде кейде ешқашан кездеспеген өндірістік термин кездеседі. Сөздікте аудармасы болмаған жағдайда, ғаламтордан сол сөздің не мағына білдіретініне қарай, аудармашылар бірігіп, аудармасын жасайды. Бірде «кошка» деген сөз кездескені бар еді. Соған дейін кошка - мысық болып аударылатынын, кәдімгідей мияулайтын үй жануары ретінде ғана білдік. Бірақ, іздей келе мысық емес, имек темір деп аударылатынын анықтадық - дейді Манар Ерботина.
Міне, аударма саласында да қызықты жайттар болып тұрады. Серіктестік басшылығының қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану тобы өткен жылы қала кәсіпорындары мен мекемелерінің аудармашылары арасында  «Үздік аудармашы»  қалалық байқауын ұйымдастырып өткізгенін де айта кетуіміз керек. Кәсіпорында қызмет ететін аудармашылар қалалық, облыстық, республикалық аудармашылар курстарына, семинарларына қатысып өз біліктіліктерін көтеріп тұрады. Сапалы аударма жасау - аудармашыға қойылатын басты талап. Оларды әр сала бойынша жіберілетін аударма мәтіндері, аудармада кездесетін тың терминдерді талқылап, аудару барысы қызықтырады және біріктіреді.



Жаңалықтар тізіміне оралу