Тәлімгерлер слеті
20.09.2024
Қыркүйектің 30-да елімізде Еңбек күні аталып өтіледі. Осыған байланысты «Богатырь Көмір» ЖШС-нің Оқу-курстық комбинаты тәлімгерлер слетін ұйымдастырды. Оларды мерекемен компания мен құрылымдық бөлімшелердің, кәсіподақ ұйымының басшылары құттықтап, шәкірт үйретудегі жұмыстарына табыс тіледі.
Тәлімгерлік мектебін дамытуға өз үлестерін қосып жүргендер түрлі номинациялар бойынша өз марапаттарын алды. Ардагерлер Қаңлыбай Үмбетәлиев, Валерий Михадюк, Галина Шептаева, Серік Нұрғалиев, Валерий Козыков «Даналардың данасы» номинациясына ие болды. Оларға бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.
Шара барысында «Білім сыйлаушы», «Үздік сценарий жазушы», «Оқу үдерістерінің үздік көшбасшысы», «Жұмысшы мамандығына адал және оны насихаттаушы» аталымдары бойынша үздіктер анықталып марапатталды.
Ал енді «Серіктестіктің үздік тәлімгері» номинациясының жеңімпаздары ретінде Владимир Казанцев, Руслан Шишкин, Дмитрий Чикишев, Төлеген Асимов, Ольга Зарубо, Владимир Замуруев танылды.
Еңбек етумен қатар шәкірт дайындап жүрген тәлімгерлер номинация жеңімпаздарына Компания бас директоры Николай Корсаковтың атынан Құрмет грамотасы табысталды, сонымен бірге сыйлықақы да берілетіні мәлімделді.
Осы күні ізгі тілектерін білдіріп, құттықтауларын айтқан әрбір адам Любовь Шарипова басшылық ететін Оқу-курстық комбинатының ұжымын, олар атқарып жатқан жұмысты ерекше атап өтті. Солардың арқасында мамандар дайындалып, тәлімгерлік мектебі дамуда.