Ардагерлер үшін экскурсия

19.09.2024

Қыркүйектің 30-да аталып өтілетін Еңбек күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің Оқу-курстық комбинаты бір топ ардагерлер үшін экскурсия ұйымдастырды.

Олардың алғашқы тоқтаған жері «Богатырь» кенішінің көру алаңы. Бұл жерде қонақтарды кеніштің бас технологы Сергей Дровалев қарсы алды. Ол кеніштің өткені мен бүгінгісі туралы жіліктеп айтып берді. Ашық түрде көмір өндіретін әлемдегі ең ірі кеніштен бүгінде тәулігіне 30 бағытта темір жол құрамымен көмір жөнелтілуде, алдағы айларда оның саны тағы үшеуге көбейеді деп атап өтті Сергей Михайлович.

Енгізіліп жатқан циклді-толассыз технологияның үздіксіз жұмыс істеуі үшін көмір өндіретін техникалар да жаңартылуда. Құрметті қонақтар оның да жұмысымен танысты. ЦТТ бүгінде көмірді қоймаға жеткізіп, сонда орташаландырады. Сосын темір жол вагондарына автоматты түрте тиейді.  Ал көмір қоймаларында 500 мың тонна көмір сақтауға мүмкіндік бар. Экскурсияға қатысқан ардагерлер жұмыс істеген кезде бұл технология болмаған, сондықтан бас технолог Сергей Дровалевтің айтқандарын қызыға тыңдады.

Экскурсия Оқу-курстық комбинатының Еңбек даңқы залында жалғасты. Бұнда жетекші маман Виктория Григорьева Екібастұз көмір алабының тарихымен, «Богатырь Көмір» компаниясының даму кезеңдерімен таныстырды.

-Мен өзім ардагерлермен кездескенде рухани демалып қаламын, өйткені біз бүгінгі өміріміз үшін оларға қарызбыз және олардың айтқан естеліктері өте қызықты, аға буын өкілдерінің жанында жүріп күш, қуат аласың-дегенді айтты Оқу-курстық комбинат бастығы Любовь Шарипова.

Бұдан соң дастархан басында шәй ішіп, өткенді еске алысып, шүйіркелесіп әңгіме құрған ардагерлер ұйымадстырушыларға осындай шара өткізгендері үшін ризашылықтарын білдірісті.


Жаңалықтар тізіміне оралу