Бастысы жұмыс сапасы
19.09.2024
Қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудиті (ҚКМҚА) кестесіне сәйкес 18 қыркүйекте «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директоры Николай Корсаков күрделі құрылыс дирекциясының өндірістік алаңдарын аралады.
Соның барысында компания басшысы жөндеу-құрылыс жұмыстары учаскесінің жұмысшы мамандықтарының қызметкерлерімен кездесіп проблемалық мәселелерді және өндірістік қауіпсіздік талаптары мен нормаларын орындау қажеттілігін талқылады.
Ол қызметкерлердің бірінің жеке қорғаныс құралдарын кию ережелерін бұзуына назар аударды және қауіпсіздік ережелерін елемеудің салдары туралы әңгіме жүргізді.
Аудит соңында Бас директор ТКЖЖ зауытына барып, күрделі құрылыс дирекциясының мердігерлік ұйымы «Кеңсай Кұрылыс» ЖШС жүргізіп жатқан шатырды жөндеу жұмыстарының сапасын жеке өзі бақылап, олардың аяқталу мерзімдерімен танысты.