Жаңа учаске-жаңа маман
19.09.2024
Циклді-толассыз технологиясы енгізілумен бірге, онда жұмыс жасайтын мамандар қажет болды. Осыған байланысты «Богатырь Көмір» ЖШС бұрыннан істеп келе жатқан кеншілерді қайта даярлау арқылы жаңа өндіріс орнына мамандар дайындай бастады.
Соның бірі «Кеншілер қаласы» жобасының кейіпкері «Богатырь» кеніші 1-өндіру жұмыстары учаскесі циклді-толассыз технологиясының ұсақтау-тиегіш машинисті Юрий Веригин.
Ол 2019 жылы компанияға жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электр слесарі мамандығы бойынша жұмысқа тұрған екен. Жаңа технологияда жұмыс істеуге мамандар қажет деген кезде, алғашқылардың қатарында болып ауысуға келісімін берген.
-Қайта даярлау курстарында оқып жүріп неміс әріптестерімізбен бірге ЦТТ жабдықтарының қосу-реттеу жұмыстарына қатыстым. Заман талабына сай автоматтандырылған жабдықта жұмыс істеу маған ұнайды-дейді Юрий Веригин
Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі жұмысты оңтайландырып, оның тиімділігін арттырады. Сонымен бірге оларды басқарып, жұмыс істейтін мамандардан ақыл мен білімді, үлкен жауапкершілікті талап етеді.