Біліктіліктерін көтерді
17.09.2024
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің Оқу-курстық комбинаты қыркүйектің 17-і мен 18-і күндері материалдық жауапты тұлғаларға арнап тренинг өткізді. Оған Жеке құрам басқармасы бөлімінің, Бухгалтерия, Ресурстарды қорғау жөніндегі дирекциясының өкілдері лекторлар ретінде шақырылды.
Тренинг барысында Жеке құрам басқармасы бөлімінің бастығы Оксана Новикова материалдық жауапты адамның функциялары мен атқаратын міндеттерін реттейтін нормативтік актілері туралы айтып берді. Бухгалтерияның сектор бастығы Татьяна Якушева және аға бухгалтер Евгения Якушева тауарлы-материалдық босалқы қорлардың қозғалысы, құжаттарды ресімдеу, түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібі және түгендеу жұмыстарының қорытындысын шығару жөніндегі ақпараттарымен бөлісті. Ал Ресурстарды қорғау жөніндегі дирекциясы директорының орынбасары Бекзат Магауин «Богатырь Көмір» ЖШС объектілеріндегі өткізу және объект ішіндегі режимдер туралы нұсқаулығына» сәйкес тауарлық-материалдық құндылықтардың орын ауыстыру тәртібі жөнінде айтып берді. Тренингтік оқу соңында қатысушылар қашықтан оқу жүйесі бойынша тест сұрақтарына жауап берді.