16.09.2024
Қыркүйектің 14-де «Шахтер» стадионында шағын футболдан «Ekibastuz Cup-2024» жарысы өткізілді. 6x6 форматында өткен турнирге қатысқан 4 команданың бірі «Богатырь» шағын футбол командасы.
Тоқтала кететіні бұл жарысқа тек 35 жастан жоғары әуесқой футболшылар қатысты. Финалдық ойында Серіктестіктің намысын қорғаған командамыз «Мебельон» командасымен кездесті. Тартысты өткен ойында богатырліктер 4:3 есебімен басым түсті. Шешуші кездесуде Мұрат Ахметшарипов пен Валерий Пастухов дубль авторлары атанды. Осылайша «Богатырь» шағын футбол командасы «Ekibastuz Cup-2024» турнирінің жеңімпазы атанып, Кубокты еншіледі. Сонымен бірге Мұрат Ахметшарипов турнирдің үздік ойыншысы, Олег Негодюк турнирдің бағалы ойыншысы деген атаққа ие болды.