Әлеуметтік жоба форумы
16.09.2024
2024 жылдың 14 қыркүйегінде ERG халықаралық компаниялар тобының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының Хромтау қаласында «Tugan Qala» деп аталынған IV қалалық форум өткізілген екен. Оған шақырылған құрметті қонақтардың ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері Руслан Мусин мен Зульфия Оспанова болды.
Қалалық форум «Tugan Qala» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобасының бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты-компания жұмыс жасайтын қалалардағы жүзеге асырылған жобаларының нәтижелері туралы жалпы жұртшылықты ақпараттандыру және тұрғындарды қаланың өмірі мен дамуына тарту.Форум барысында түрлі тақырыпта тренингтік оқулар жүргізіліп, дәрістер оқылған. Жалпы бұндай іргелі жиынға кез келген тілек білдіруші қатыса алады және ол қалалар мен ауылдарымыздағы тұрмысты жақсартуа бағытталған. Сонымен бірге тұрғындар өздері тұратын қалаларды көріктендіруге қатысты жобаларын ұсына алады. Үздіктері назарға алынып, жүзеге асырылады.