Жомарттық-ізгі қасиет
15.09.2024
Қылышын сүйретіп қыс та жақындап келеді. Жылыту маусымы қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС қайырымдылық көмек ретінде 60 тонна көмірді Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастыріне жіберді.
Бұнда монастырдің 4 үлкен ғимараты жылытылады. Олар шаруашылық үй-жайы, қонақтарға арналған ғимарат, тұрғын үй және жаңа ғибадатхана. Бүгінгі күні онда монастырь қараушысы Серафимамен бірге 9 келең әйелдер тұрып жатыр. Павлодар ауылында жұмыс жасайтын Жергілікті православтық діни бірлестікке компания жыл сайын қайырымдылық көмек беріп тұрады.