Кеншілер әскери жиыннан оралды
14.09.2024
Қазақстанда қарулы күштерді дайындау жоспарына сәйкес, әскери міндеттілермен кезекті әскери жиындар өткізілді. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 39 қызметкері Абай облысының Семей қаласындағы 35411 әскери бөлімінде 2024 жылдың 18 шілдесі мен 16 тамызы аралығында әскери жиынға қатысып, аман-есен оралған.
Екібастұз қаласының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы Малик Ренов сеніп тапсырылған техника мен қару-жарақты шебер меңгергені, берілген тапсырманы бұлжытпай орындағаны және үлгілі тәртібі үшін әскери жиынға қатысушыларды Алғыс хатпен марапаттау туралы бұйрық шығарған екен. Оны Тау-кен-көліктік жабдықтарын жөндеу зауытының бас инженері Виталий Лось және Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының бас маманы Нұрсұлтан Сейтенов табыстап, құттықтауларын білдірді.
2-Аршу және үйінді учаскесінің тау-кен шебері Алмас Сабдалин міндетті әскери қызметін осыдан 15 жыл бұрын атқарып келген екен, биыл осындай әскери жиынға шақырту келгенде бірден барамын деп ниет білдірген.
-Барғаныма еш өкінбеймін, жаяу әскер қатарында минометтік батареяда қызмет атқардым. Барлығымыз берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, жиынды абыроймен өткіздік-дейді Алмас Темірбайұлы.
Сонымен бірге әскери жиынға қатысқан богатырліктердің барлығына компания атынан сыйлықақылар берілетін болады.