Өндірістік қауіпсіздік назарда

13.09.2024

Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасы басшылығының жұмысшы мамандықтары қызметкерлерімен кездесуі бүгін, 13 қыркүйекте өтті. Оны директордың орынбасары-өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздікті өндірістік бақылау қызметінің бастығы Наталья Катышкина өткізді.

Іс-шараның мақсаты - Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірістік қауіпсіздікке байланысты проблемалық мәселелерді талқылау. Технологиялық көлік басқармасының қызметкерлері өндірістік алаңдарындағы бар проблемаларды айқындап, сұрақтарын қойып жауаптар ала алды. Кеншілер айтқан мәселелердің қатарында жолдардың сапасы, жарықтың болмауы және қосалқы бөлшектермен уақтылы қамтамасыз етілмеуі жөнінде ескертулер бар, бұл көбінесе қауіпсіздік техникасының қолданыстағы нормаларын бұзуға әкеп соғады.

Мұндай кездесулер басшылықпен ашық диалогты білдіреді, басшылық, желілік қызметкерлер мен жұмысшылар арасында қалыптасқан кедергіні жояды.


Жаңалықтар тізіміне оралу