Қаржы сауатын арттырды
12.09.2024
Халықтың қаржы сауатын арттыратуға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Богатырь» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық кешенінің мәжіліс залында кеншілермен кездесу өткізілді. Өткен жылы тұсауы кесілген жобаның бастамашысы «Amanat» партиясы, операторы «Ұлы дала» ауылдағы бизнесті дамыту қауымдастығы» РҚБ.
Бүгінде интернет-алаяқтық өршіп тұр, одан қалай сақтану керек? Табыс пен шығынды қалай жоспарлауға болады? Несие алғанда нені ескеру керек? Төленбей жатқан несиені қайта құрылымдауды қалай жасауға болады? Міне, осы сұрақтарға «Қарызсыз қоғам» жобасының сарапшы кеңесшісі Бейбіт Қорабаев жауап берді. Екі күн бойы өткізілген кездесу барысында бизнес-жоспарды құру, инвестициялау мәселелеріне де қатысты дәріс оқылды. Өз сөзінде Бейбіт Сыбанбайұлы көздеген қаржылық мақсатыңызға қол жеткізу үшін, нақты бір жоспар жасау керектігін және содан ауытқымау қажеттігін атап өтті. Дәріс барысында жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жауаптарын ала алды. Республика көлемінде өтіп жатқан жоба бойынша 2023 жылы 65 мың адам қаржылық сауатын арттырса, биыл бұл сан үш есеге көбейді деп жоспарланған.