Энергетика саласындағы әйелдер форумы
11.09.2024
«Самұрық-Энерго» АҚ құрамына енетін кәсіпорындарында еңбек ететін нәзік жандылардың қатысуымен «Әйелдер қуаты» форумы өткізілді. «Энергетикадағы әйелдер: Серіктестік, Прогресс, Перспективалар» тақырыбында өткен жиынға жалпы 150 адам қатысса, соның ішінде «Богатырь Көмір» компаниясының 9 өкілі бар.
Форумда энергетикадағы гендерлік теңдік мәселесі талқыланды. «Самұрық-Энерго» жанынан құрылған Әйелдер клубы да бұл сұрақты әрдайым назарда ұстап, осы бағыттағы жұмыстарын арттыра түсуде.
Жиында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Салтанат Сәтжан сөз сөйлеп, бүгінде Қорда 68 мыңнан астам әйел жұмыс істейтінін атап өтті. Топтың жоғары басшылығындағы әйелдердің үлесі 17%-ды құрайды, бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 30%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу тек гендерлік теңдікке ұмтылу ғана емес, пікірлердің қарама-қарсылығы мен сан алуандылығы, гендерліктен басқа, кәсіби, мәдени және т.б. көзқарастар қабылданатын ортаны құру бойынша ауқымды стратегияның бөлігі екенін айтты Салтанат Сәтжан.
Панельдік сессия «Форумның «Прогресс» аспектісін дамытуға бағытталған «Корпоративтік мәдениеттегі өзгерістерге қарай қозғалыс», ал практикалық фассалитациялық сессия «Форум
«Перспективасы» аспектісін дамытуға бағытталған» энергетикадағы әйелдердің даму перспективалары» тақырыбында өтті. Онда өз компанияларында гендерлік теңдік тәсілдерін табысты енгізгендер тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан басқа еншілес компанияларда гендерлік теңдікті дамыту перспективаларын айқындау мәселесі қарастырылды және гендерлік теңдік стратегиясының жол картасын дайындау сұрағы талқыланды. Сонымен бірге өңірлердегі әйелдердің өзекті мәселелері мен проблемаларын анықтау, оларды шешу жолдарын қалыптастыру, Әйелдер клубының ары қарайғы жұмысына қатысты Жол картасын дайындау көзделуде.
Соңында әйелдер форумының қарары қабылданып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.