Футболшылар жетістігі

10.09.2024

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің спортшылары өз жеңістерімен қуантуды жалғастыруда.  Кезекті жетістік аяқдопшылардың еншісінде.


Компанияның шағын футболдан құрама командасы 6x6 форматындағы «Jastar Ligasy Pavlodar» Павлодар қаласының ашық турниріне қатысты.

Облыстың әр жерінен 20 команда қатысқан жарыс 2024 жылдың 4 мамыры мен 8 қыркүйегі аралығында өтті. Жастар лигасының ойындары демалыс күндері ұйымдастырылып отырған. Сондықтан 4 ай бойы, әр демалыс күндері богатырлік футболшылар облыс орталығына барып ойын өткізді.

Павлодар қаласының ашық турнирінің қорытындысы бойынша «Богатырь Көмір» шағын футбол командасы екінші жүлделі орынға ие болып, күміс медаль тағынып,  Кубокты қанжығаларына басып келді. Сонымен бірге команда ойыншысы Ярослав Саденко «Jastar Ligasy Pavlodar» турнирінің үздік шабуылшысы атанды. Футболшыларымыздың жеңісті ойындары көп болсын!


Жаңалықтар тізіміне оралу