Адам еңбегімен қадірлі
07.09.2024
«Кеншілер қаласы» жобасының кепйіпкерлерінің бірі Ерсін Дәуітбайұлы Шанашев «Богатырь Көмір» ЖШС-не 2005 жылы міндетті әскери қызметін атқарып келгеннен кейін жұмысқа тұрды. 19 жыл бір орында еңбек етіп, өз майталман маман атанды.
Содан бері Технологиялық көлік басқармасында бульдозершы болып еңбек етуде. Бала кезінен техникаға үйір болған Ерсін Дәуітұлы мамандық таңдау кезінде еш қиналмаған және сонысына еш өкінбейді.
-Ұжымымыз жақсы. Бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз. Сыйлайды. Бұрын менімен істегендердің біразы зейнеткерлікке шығуда, солардың орнын жастар, басқа кеніштерден келген адамдар басуда. Оларға көмектесіп, ақыл-кеңестерімізді айтамыз. 19 жыл бір орында жұмыс істеп келе жатырмын. «Богатырь Көмір» компаниясында бәрі жақсы, әлеуметтік жауапкершілігі мол кәсіпорын-дейді тәжірибелі машинист.
Бүгінде, Ерсін Дәуітбайұлы жұмыс істеп жүрген Caterpillar D9 бульдозері күрделі жөндеуге жіберілген. Сондықтан басқаларға жөндеу жұмыстарына қолұшын беріп жүр. Және өзінің техникасының келуін асыға күтуде.