Көпұлтты ел-көпұлтты компания

05.09.2024

5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтіледі. Бұл күн сонымен бірге қазақ әліпбиін, графикасын, құрылымы мен орфографиясын жазып, мұра етіп қалдырған, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Тілдер күнінің оның туған күнімен сәйкес келуі - оған деген құрметті білдіреді.

Бүкіл Қазақстан сияқты «Богатырь Көмір» ЖШС көпұлтты компания. Бүгінгі күні кәсіпорнымызда алпысқа жақын ұлттардың өкілдері иық тіресе жұмыс істеуде. Екібастұз отын-энергетикалық кешені құрылысы кезінде Кеңес Одағының әр жерінен көптеген адамдар келіп жұмыс істеді. Солардың біразы осында қалып, бүгінде олардың балалары мен немерелері көмір өндіруді жалғастыруда.

 «Богатырь Көмір» жұмыскерлері ел халқының біріктіретін мерекелердің барлығының белсенді қатысушылары. Бұл мерекелік шараларда түрлі ұлттардың өнері ортаға салынып, ұлттық тағамдары дайындалады.

Компанияда еңбек ететін әрбір адам маңызды, олардың әрбірі өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғалтпай, дәстүрлерін сақтап, бейбіт өмірді бәрінен жоғары ұстауда. 


Жаңалықтар тізіміне оралу