Компания жаңа тиегіш алды
02.09.2024
«Богатырь Көмір» ЖШС Технологиялық көлік басқармасының техникалар паркін жаңартуды жалғастыруда. Олардың қатарына жақында SEM655D маркалы 1 фронтальді тиегіш қосылды.
Қытай елінде Caterpillar-дің еншілес комапниясы Caterpillar (Qingzhou) Ltd шығаратын тиегіштер жоғары өнімділігімен, машинаның ұзақ жарамдылығымен, сенімділігімен, отын үнемділігімен ерекшеленеді. Оған қоса оны басқаратын машинист үшін жайлы жағдай жасалынған. Артқа жүргенде жолды бақылап отыру үшін артқы көрініс бейнекамерасы орнатылған. Ол кабинадағы монитормен қосылған. Сондықтан машинист артқа жүргенде жолдағы жағдайдың бәрін көріп бақылап отырады, бұл болса қауіпсіз жұмыстың кепілі. Бұдан басқа SEM655D тиегіші ауа баптағышпен қамтамасыз етілген. Ол аптап ыстық күндері машинистің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 220 ат күші бар машинаның жүк көтергіштігі 5000 кг, шөмішінің сыймдылығы 2,7 м3. SEM655D фронтальды тиегіші «Богатырь» кенішінде көмір, қар, қоқыс арту, жолдарды тазалау, кеңейту және т.б жұмыстарды атқарады.