Елорда төрінде марапатталды

29.08.2024

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Шахтер күніне орай мемлекттік наградалармен отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері марапатталған болатын. Осыған байланысты ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі салтанатты рәсім ұйымдастырса, оған «Богатырь Көмір» ЖШС-нің екі өкілі қатысты.

Руслан Қайыркенұлы Ескенов Богатырь ЖКБ аршу кешенінің «Ударная» ЖҚД-ның тартушы агрегаты машинистінің көмекшісі, компаниямызда 29 жыл жұмыс істеп келеді. Осы ұзақ жылғы еңбегі бағаланып біраз жыл бұрын Компанияның үздік қызметкері атанды, ал биыл мемлекет басшысының жарлығы бойынша ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне ие болды.

Смағұлов Берік Серікұлы бүгінде «Богатырь» кенішінің №2 кен аршу және үйінді жұмыстары учаскесінің экскаватор машинисті болып еңбек етуде. Ал 40 жыл бұрын Богатырьге келгенде жол жөндеушісі болып жұмысқа тұрған, кейін экскаватор машинисті көмекшісі мамандығын игерді. Соңғы 25 жыл бойы экскаватор машинисті болып еңбек етуде. Бұған дейін Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері атанып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Биыл оның кеудесіне ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені тағылды.

Өз еңбектерімен өскелең ұрпаққа үлгі болатын осындай жандар компанияның дамуына, қаламыз бен еліміздің гүлденуіне орасан үлестерін қосуда.


Жаңалықтар тізіміне оралу