Кенші еңбегі бағаланды
29.08.2024
Шахтер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес мемлекттік наградалармен отандық көмір өнеркәсібі саласының еңбеккерлері марапатталғаны белгілі. Олардың арасында екібастұздық көміршілер де бар.
Олардың біразын Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Шахтер күніне арналған мерекелік шара барысында марапаттаған болатын. Солардың арасында «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері де бар. «Құрмет» орденімен тартушы агрегатының машинисті Батараев Магмарасул Гейбуллах оглы, экскаватор машинисті Мерекенов Данияр Мамырханұлы, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен экскаватор машинисті Деревяшкин Сергей Александрович, экскаватор машинистінің көмекшісі Төлеубаев Бақтияр Құдайбергенұлы марапатталды.
Сонымен бірге «Ерен еңбегі үшін» медалі тартушы агрегатының машинисті Козырев Олег Николаевич, бұрғылау қондырғысының машинисті Мрясов Геннадий Ильичтің кеудесіне тағылды. Сонымен бірге Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының тартушы агрегатының машинисті Иманғазинов Ерлан Ермұхамбетұлы, «Богатырь» кеніші №2 учаскесінің жол жөндеушісі Дюсенбаев Болат Борамбайұлы Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасын алды.