29.08.2024
Бүгін, 29 тамызда, ай сайынғы көшбасшылық мінез-құлық қауіпсіздік аудиті (КМҚА) аясында «Богатырь Көмір» ЖШС ТЖЖЖД мен Автобазаның құрылымдық бөлімшелерінде кезекті іс-шара өтті.
«Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Николай Корсаков азаматтық қорғау және еңбекті қорғау басқармасының өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры Төлеген Максиловтың ілесіп жүруімен ЖҚД - 2 және АТЦ -2 учаскелеріне барды.
Жұмыс орындарын аралау кезінде бас директор жұмысшы мамандықтарының қызметкерлерімен және орта буын басшыларымен өмір мен денсаулыққа ықтимал қауіптер және олардың салдары туралы әңгімелесті. Әңгіме барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың проблемалық мәселелері белгіленді.
Николай Николаевич тәуекелдер тізілімін қалыптастыруға қатысу және оларды жұмыс кезінде одан әрі есепке алу қажеттігін еске салды.
Қорытындылай келе, компания басшысы жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын сақтаудың және барлық деңгейдегі еңбекті қорғауды басқару жүйесін қолданудың маңыздылығын атап өтті.