Көшбасшылар үшін тренинг өткізілді
29.08.2024
«Көшбасшылар клубының» мүшелерін жоспарланған оқыту шеңберінде 28 тамызда шақырылған тренер- іскерлік әкімшілендіру докторы Мухан Дильбарханұлы Темірбаевтың қатысуымен тренинг ұйымдастырылды.
Тренингтің өзі «Қауіпсіздік мәдениетін қайта құрудағы көшбасшылық» тақырыбында өткізілсе, онда мынандай бағыттар талқыланды:
- өндірістік қауіпсіздікте бұзушылықтар барын байқаған сәтте қалай тыс қалмау қажет;
- әріптестеріңізді қауіпсіз жұмыс істеуге қалай шақыруға болады;
- жарақаттанушылық деңгейін төмендетудегі көшбасшылардың рөлі;
- жарақаттанудың негізгі себептері;
- өзгерістер жолындағы қарсылық түрлері және олармен жұмыс;
- өндірістік қауіпсіздік мәдениетінің рөлі және оны қайта қарастыру.
ІІІ тоқсанда шақыртылған және ішкі тренерлерді тарта отырып, «Көшбасшылық» тақырыбында тағы да бірқатар оқулар өткізу жоспарлануда.