ЖЫЛДАМЫРАҚ. ЖОҒАРЫРАҚ. МЫҚТЫРАҚ.
25.08.2024
Тамыздың 25-де Шахтер күніне арналып «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде бірқатар жарыстар ұйымдастырылды. Жекелей сында богатырьлық әуесқой спортшылар кір тасын көтеру, армрестлингтен жарысты, командалық есепте «Көңілді жарыстар» спорттық эстфетасынан және арқан тартыстан сынға түсті.
Қол күресінде ерлер арасында 70, 85 келіге дейінгі және 85 келіден жоғары салмақ дәрежесінде білек күші мықтылар анықталды. Бұнда өз салмақтарында Тахир Ильясов, Сергей Головлин, Алексей Сазонов жеңімпаз атанса, Манас Жұмабеков, Азат Шалбаев және Андрей Нягу екінші орыннан көрінді. Ал Мақсат Кунафин, Игорь Корнилов, Медет Естаев үшінші орынға қанағаттанды. Сонымен бірге армрестлингтен қыздар да жарысқа түсті. Олар 60, 85 келіге дейін және 85 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде мықтыларын анықтасты. Валентина Мулина, Күлшім Абдыкалыкова және Инесса Суханова өздерінің салмақ дәрежелерінде қарсылас шыдатбай бірінші орын алды. Светлана Задорина, Күлзира Хапар, Аяулым Махмет екініш орынға табан тіреді. Алтынай Омарбекова мен Айжарық Хуанхан жүлделі үшінші орын алды. Осы жерде тоқтала кететіні компаниямыздың бетке ұстар спортшысы Тахир Ильясов Молдавияда өткен әлем чемпионатынан оралды және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 50-60 жастағылар арасында алтыннан алқа тағынып келді. Ал Қазақстанның құрама командасы жалпыкомандалық есепте төртінші жыл қатарынан бірінші орын алып келіпті. Шахтер күні мерекесіне кәсіпорын қызметкері осындай тамаша сый жасады.
Кір тасын көтеру жарысы үш салмақ дәрежесінде ер-азаматтар арасында өтті. 70 келіге дейінгі кеншілер арасындағы жарыста Ғалымжан Баширов үшінші орынға қанағаттанды, Аблай Жакупов екінші орынды місе тұтты. Салмағы 24 келі болатын кір тасын 80 рет көтерген Бейбіт Каратаев чемпион атанды. Игорь Корнилов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бұл жарыста да үшініш орын алды, Юрий Караваев жүлделі екінші орынға тоқтады. Кір тасын көтеруден ардагерлер арасындағы әлемнің екі дүркін чемпионы Қаныбек Масақбаев 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысқа түсіп, 24 келілік кір тасын 75 рет көтеріп жеңімпаз атанды. Ал ауыр салмақта, 85 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нұрлан Дюсенбаев үшінші орын алса, Дамир Смаилов екінші орын алды. 32 келілік кір тасын 50 рет көтерген Айдар Капезов Шахтер күніне арналған жарыс жеңімпазы атанды. Ол да компания, қала, облыс, ел намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғап жүрген спортшы. Айта кететінін кір тасын көтерушілер осы күні «жұлқа көтеру» жаттығуы бойынша жарысты.
Шахтер күні мерекесіне орай өткізілген «Көңілді жарыстар» спорттық эстфетасына қатысуға 4 команда тілек білдіріпті. Олар «Богатырь» кенішінің «Заводной апельсин» құрама командасы, Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының «Богатырская» станциясының «Молния», теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының «Дружба», Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының түйіспелі желі учаскесінің «Стрела» командалары. Бұл қызыққа толы жарыста олар «Локомотив», «Су сорғылары», «Шарлармен эстфета», «Құрылысшы» деп аталынған эстфеталарда жарысқа түсіп мықтыларын анықтасты. Тартысты өткен бұл додада әр ойыншының ептілігі, шапшаңдығы команданы жеңіске жетеледі. Және әр эстфетада әртүрлі жеңімпаздар болды. Сондықтан болар жүлдегерлерді анықтау да қиынға түсті, өйткені үш команданың алған ұпай сандары бірдей болды. Осыған орай төрешілер қосымша көрсеткіштерді санай келе «Дружба» командасына үшінші орын берді. Ал «Заводной апельсин» және «Молния» командаларының екеуі де екінші орын алды. «Стрела» командасы болса «Көңілді жарыстар» жеңімпазы атанды.
Кезекті жарыс-арқан тартыс. Оған «Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» кенішінің теміржол кешені командасы, «Богатырь» кенішінің құрама командасы, «Богатырь» кенішінің тау-кен жабдықтарын жөндеу цехының командасы және Технологиялық көлік басқармасы командасы қатысты. Бұл жарысқа 4 команда қатысқасын, олар бір-бірімен кездесетін болды. Ереже бойынша әр тартыс екі жеңіске дейін жүргізілді. Алдымен «Богатырь» құрамасы мен ТКБ командалары кездесті, онда алғашқылары жеңімпаз атанды. Өз кезегінде ТЖ кешені ТЖЖЦ командасынан басым түсті. Келесі айналымда жаңа ғана жеңілген ТЖЖЦ командасы ТКБ командасын 2:0 есебімен жеңді. Ал «Богатырь» ТЖ кешеніне жол берді. Соңғы үшінші айналымда ТЖЖЦ командасы «Богатырь» командасын, ТЖ кешені командасы ТКБ командасын жеңді. Және барлық үш кездесуде қарсыластарына мүмкіндік бермеген «Богатырь» кенішінің теміржол кешені командасы Шахтер күніне арналған арқан тартыс жарысының жеңімпазы атанды. ТЖЖЦ мен «Богатырь» командалары сәйкесінші екінші мен үшінші орын алды.