Вице-министр «Богатырь» кенішінде

23.08.2024

Бүгін, тамыздың 23-де Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан «Богатырь Көмір» ЖШС-нің «Богатырь» кенішінде болды. Бұл жерде астаналық қонақ циклді-толассыз технологияны енгізу жобасымен танысты.

Компания бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап жаңа технология көмірді орташаландыруға және теміржол вагондарына арту уақытын қысқартуға мүмкіндік жасады деп атап өтті.

Техникалық директор-бас иженер Сергей Усик циклді-толассыз технологияны енгізу жобасы бүгінгі күні финалдық кезеңде екенін айтты. Жоба шеңберінде жалпы сыйымдылығы 280 мың тоннаны құрайтын Солтүстік және Оңтүстік орташаландырылған көмір қоймалары салынған.

Иран Шарханұлы компанияның көмір өндірісін жетілдіру жөніндегі бастамаларына ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әрқашан қолдайтынын атап өтті. Сонымен бірге елімізді энергетикалық отынмен қамтамасыз етудегі жұмыстары үшін алғысын айтты.


Жаңалықтар тізіміне оралу