Кәсіби мерекеге арналған жарыс
17.08.2024
Тамыздың 17-де Богатырь спорттық-сауықтыру кешенінде кеншілердің кәсіби мерекесіне арналып волейболдан жарыс өтті. Оған компанияның құрылымдық бөлімшелерінің 5 командасы қатысуға тілек білдірді.
Шахтен күніне арналып өткізілген волейбол жарысына бес команда қатысса, олар екі топқа бөлініп жарысты бастады. Бір топқа технологиялық көлік басқармасы, автобаза және Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы, екінші топта Теміржол кешені мен «Богатырь» кеніші командалары ойнады. Жарыс шарты бойынша әр ойын екі жеңіске дейін жалғасты. Өз топтарынан үздік атанған «Богатырь» кеніші мен Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы командалары финалдық ойында кездесті. Оның қорытындысы бойынша Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының волейболшылар командасы Шахтер күніне арналған мерекелік турнирдің жеңімпазы атанды. «Богатырь «кенішінің командасы екінші орын алса, Теміржол кешенінің волейболшылары үшінші орынға тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер димломдармен, ақшалай жүлдемен марапатталды.