Аға ұрпаққа деген құрмет!

17.08.2024

Шахтер күніне арналған мерекелік шаралар жалғасын табуда. Бүгін, тамыздың 19-да «Гүлдер» мейрамханасында біздің даңқты аға буынымыздың өкілдеріне құрмет көрсетілді. Мерекелік дастархан басына «Богатырь Көмір» ЖШС-нің әртүрлі учаскелерінде ондаған жылдар бойы жұмыс істеп, құрметті еңбек демалысына шыққан 75 ардагер жиналды.

Оларды компания басшылығы атынан техникалық директор-бас инженер Сергей Усик, «Богатырь» кенішінің директоры Серік Саттаров құттықтады.  Көміршілердің бас мерекесіне орай амандық-саулық пен жақсылық тілеумен қатар олар компанияда атқарылып жатқан іргелі жұмыстар жайында жұртшылықты мағлұмат етті. Дастархан басындағыларды сонымен бірге «Богатырь Көмір» корпоративтік қорының атқарушы директоры Елена Скрипниченко, еңбек ардагерлері Владимир Кочерга, Владимир Колесников, Ибрагим Досмухамбетов, Темиржан Жанисов, Анатолий Дворак құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Компанияның бірлескен жастар қозғалысы құрметті қонақтарға шағын концерттік бағдарлама ұсынып мерекелік кештің сәнін келтірді. Өткенді еске алысып, шүйіркелесе әңімелескен аға буын өкілдері тамаша әндерді тыңдап қана қоймай, би биледі. Бір-біріне жақсы тілектерді ақтарысып, арқа-жарқа қауышқан ардагерлер компания басшылығына ұйымдастырылған тамаша шараға ризашылықтарын білдірді.


Жаңалықтар тізіміне оралу