Жонғыштар мықтыларын анықтасты

15.08.2024

Шахтер күніне арналған «Мамандығы бойынша үздік» байқауы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің тау-кен көліктік жабдықтарын жөндеу зауытында ұйымдыстырылды. Бұл жолы оған 6 жонғыш қатысты.

Байқаудың өзі әдеттегідей екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде қатысушылар 13 сұраққа ауызша жауап берді. Онда олар сызбамен жұмыс істеу бойынша, өндірістік қалдықтарды сұрыптауға қатысты және тағы басқа сұрақтарға жауап беріп, компанияның 10 алтын ережесін жіктеп айтулары тиіс болды.

Екінші практикалық бөлімде темір ұсталарына белгілі бір бөлшекті жонып шығару тапсырмасы берілді. Әр қатысушы алдымен жұмыс орнын дайындады. Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын білдекте жұмыс істеу тәртібін байқау барысын бақылап жүрген комиссия мүшелеріне жіліктеп айтып берді.

Барлық қатысушыларға тапсырманы орындау шарты бірдей болу үшін, олар бір жонғы-бұрандакескіш білдекте кезекпен жұмыс істеп, төлке-саусақты иілгіш жалғастырғышты жонып, дайындап берулері керек болды.

Бұл кезеңде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, тапсырманы орындау уақыты, дайын бөлшектің сапалы жонып шығарылуы ескерілді. Егер қандай да бір кемшіліктер анықталып жатса, 1 баллдан шегеріліп отырды.

 Байқау қорытындысы бойынша Әділбек Асылбеков бірінші орын алса, екінші орын Сұлтан Қайыркеновке бұйырды. Ал Қуаныш Клектесов үшінші орынға табан тіреді. Барлық қатысушыларға ынталаныдру сыйлыақылары берілетін болады.


Жаңалықтар тізіміне оралу