Жас мамандарға мүмкіндік
15.08.2024
Богатырь Көмір» ЖШС-нің оқу-курстық комбинатында «Жас талап-талпыныс» бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау жалғасуда.
Бүгінгі өткен семинарда өзекті тақырыптардың бірі «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» тақырыбы талқыланды. Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Мельник Олеся Александровна семинарға қатысушыларға жұмыс орындарында және мінез-құлық аудитінің әдістеріне «Қауіпсіз еңбек мәдениетін» енгізу, жұмыс орындарында тәуекелдерді бағалау және өндірістік бақылау негіздері туралы айтып берді. Қатысушылар бұл шара туралы өздерінің оң пікірлерін білдірді.
«Жас талап-талпыныс» бағдарламасының қатысушыларына алдағы аттестаттауды сәтті тапсырсын және алған білімдерін тиімді қолдансын деген тілек білдіреміз.