36 жыл Богатырьде

14.08.2024

Данияр Мерекенов «Богатырь» кенішінің №1 кен қыртысын аршу және үйінді учаскесінің №1607 ЭКГ-12К экскаваторының машинисі.

Ол «Кеншілер қаласы» жобасының кезекті кейіпкері. Алғаш рет кенішке міндетті әскери қызметін атқарып келгесін 1988 жылы жұмысқа орналасқан екен. Келісімен бірден экскаватор машинисінің көмекшісі болып жұмысқа тұрса, 4 жылдан кейін экскаватор машинисі атанды. Содан бері осында еңбек етіп, кен қыртысын аршумен айналысып келеді.

-          Жұмысымыз маңызды. Бригадамыз жақсы, тату. Тек бригада мүшелері ғана емес, бүкіл учаске жұмыскерлеріміз татумыз. Бір-бірімізге кеңес беріп, тәжірибелерімізбен бөлісеміз. Осында 36 жыл міз бақпай жұмыс істегенім, мамандығымның ұнағаны-деп атап өтті Данияр Мерекенов.


Жаңалықтар тізіміне оралу