Жаңа техника-жаңа мүмкіндіктер
12.08.2024
«Богатырь Көмір» ЖШС өндіріске қажетті техникаларын жаңартуды жалғастыруда. Технологиялық көлік басқармасының кезекті жаңа техникасы HITACHI ZX190W-5A маркасының дөңгелекті экскаваторы.
Шөмішінің сыйымдылығы 0,86 м3 болатын экскаватор дренажды жыраларды қазуға, құбыржолдарды салуға, жарылған құбырлардағы ақаулардың көзін жоюға тартылатын болады. Жапондық HITACHI ZX190W-5A дөңгелекті экскаваторынің техникалық дайындық коэффиценті өте жоғары, сапалы түрде жасалынған машинаның сенімділігі жоғары. Оның үстіне оның ұтқырлығы өндірістік жұмыстағы өнімділікті арттырады. Осындай типтегі дөңегелекті экскаваторды компания алғаш рет алып отыр, яғни бұндай техника кәсіпорында жалғыз. Технологиялық көлік басқармасының жұмыскерлері жаңа экскаватордың қыр-сырын меңгеріп, мүмкіндіктерін оқып білді. Бүгінгі күні жаңа машина пайдалануға алынды және компанияның құрылымдық бөлімшелерінің өтініштері бойынша әртүрлі учаскелерде жұмыс істейтін болады.