Тиімді басшы
07.08.2024
«Богатырь Көмір» компаниясының құрылымдық бөлімшелерінің орта буын басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында «Тиімді басшы» бағдарламасы бойынша үш күндік оқыту курсы ұйымдастырылды. Тренингті кәсіпорынның бас мамандары жүргізеді.
Оқытудың бірінші күнінде тыңдаушыларға қауіпсіз еңбек мәдениеті және қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудитін жүргізу тақырыптары ұсынылды. Оқытуға қатысушыларды еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу мәселелері бойынша келісу комиссиясы жұмысының нәтижелерімен таныстырды.
Тренингтің екінші бөлімінде қаржылық менеджмент, тауарлық-материалдық қорлар, еңбекақы қорын қалыптастыру және қызметкерді басқару психологиясы мәселелері қозғалды.
Оқытудың соңғы бөлігінде тыңдаушылар қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы әлеуметтік өзара іс-қимыл мәселелерімен, серіктестік қызметкерлерін оқытудың және дамытудың корпоративтік жүйесінің жұмыс істеу қағидаттарымен танысады.
Тренинг орта буын басшыларына өз жұмысының тиімділігін арттыруға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сондай-ақ атқаратын лауазымы көлемінде жеке даму жоспарын әзірлеуге мүмкіндік береді.