Көпір краншылар жарысы
07.08.2024
Бүгін теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясында көпір кранының машинистері мамандығы бойынша үздікті анықтады. Краншылар арасында бұл байқау алғаш рет өткізіліп отыр. Қатысуға 8 адам, негізінен нәзік жандылар өтініш берді.
Теориялық бөлімде қатысушылар жақсы нәтиже көрсетті. Татьяна Слесарева 30 сұрақтың 30-ына жауап берді. Светлана Волошина теорияда 29 ұпай жинады және Вячеслав Погодин 27 сұраққа дұрыс жауап берді.
Практикалық тапсырмада көпір кранының машинистері тіректерді құлатпай, белгілі бір траектория бойынша салмағы 450 келі болатын бақылау жүктерін алып жүруі керек болатын. Айта кету керек, тапсырманы орындау оңай болмай шықты. Конкурстық комиссия іс-қимылдардың дұрыс реттілігі, ескерту сигналдарын беру, орындау уақыты сияқты өзге де ерекшеліктерді ескерді.
Байқаудың жалпы қорытындысы бойынша бірінші орынды Елена Волошина, екінші орынды Татьяна Слесарева иеленсе, ал Анастасия Гимаева қола жүлдегер атанды.
Бұл іс-шараға гүл шоқтары, кубоктар, жеңімпаздарға арналған дипломдар және тортпен шай ішу ерекше салтанат берді.