Ресми сапармен

29.07.2024

Бүгін, 29 шілдеде Екібастұзда «Самұрық-Қазына АҚ Қоғамдық Кеңесінің «Самұрық-Энерго» АҚ тыңдау жөніндегі көшпелі отырысы өтті. Сапар аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов және «Самұрық-Энерго»АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов бастаған делегация мүшелері «Богатырь» кенішінің ЦТТ көру алаңына барды.

«Богатырь Көмір» ЖШС - нің техникалық директоры-бас инженері Сергей Усик құрылыс жобасын іске асыру және ЦТТ іске қосу, көмірді орташаландырудың жаңа технологиясы және жалпы кәсіпорынның қызметі мен негізгі өндірістік көрсеткіштері туралы айтып берді.

- «Богатырь Көмір» компаниясына екі кәсіпорын кіреді – бұл жылына шамамен 30 млн тонна көмір өндіретін «Богатырь» кеніші және қалаға кіре берісте орналасқан «Северный» кеніші, онда біз жылына 12 млн тонна көмір өндіреміз. «Богатырь Көмір» ЖШС жалпы көмір өндіруі 42 млн тоннаны құрайды. Биылғы жылы алғашқы 6 айда 24 млн тонна өндірдік. Біздің көмірдің негізгі бағыты- бұл Қазақстанның энергетикасы, - деп түсіндірді Сергей Усик.

Кенішке барғаннан кейін делегация Екібастұздың энергетикалық нысандарында болды. Атап айтқанда, Екібастұз ЖЭО, ЭМАЭС-2 және «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы өткен Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1 .


Жаңалықтар тізіміне оралу