Жеңіске деген ұмтылыс

27.07.2024

«Богатырь Көмір» қызметкерлері үшін «Туристік саяхат» тимбилдингі аясында көңілді эстафеталар, туристік жарыстар және би флешмобы ұйымдастырылды. Іс-шаралар 27 шілдеде Жасыбай көлінің жағасында Берёзка демалыс үйінің аумағында өтті.

Спортшылар 4 командаға бөлінді: «Кооператив», «Интернет», «Проблема» және «Тигры».
Қатысушылар қолдарынан келгенше жүгіріп, құлап, орындарынан тұрып, өз командасын жерге қаратпау үшін алға жеңіске жету үшін барын салып жүгірді. Туризм бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы Людмила Шепелева өзінің көмекшілерімен бірге қатысушыларға түрлі сынақтардан тұратын кедергілер жолағын дайындады. Бұл кедергілерден кеншілер сүрінбей өтті.

Байқау нәтижесі: барлығы жеңімпаз атанды!

«Ең музыкалық топ» аталымын «Интернет» командасы, «Ең спорттық команда» аталымын «Тигры» командасы, «Ең креативті команда» аталымын «Кооператив» командасы және «Ең ұйымшыл команда» аталымын «Проблема» командасы жеңіп алды.

Жарыс достық би флешмобымен және демалыс үйінің жағажайында демалумен аяқталды.


Жаңалықтар тізіміне оралу